Halyq Uni логотип
×

Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы 16 жылға сотталды

Ол мас болып, досын өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 10.06.2022 | 10:32
Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы 16 жылға сотталды
фото: 24.kz

Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы, дзюдошы Найдангийн Тувшинбаяр досын өлтіргені үшін 16 жылға сотталды.

Sportbox.ru порталының хабарлауынша, оқиға былтыр сәуір айында болған. Ол арақ ішіп, мас болып, досымен төбелесіп, оны оңдырмай сабаған. Содан кейін ер адам жарақаттар салдарынан бірнеше айдан кейін көз жұмыпты. 

Сотта Тувшинбаяр кінәсін мойындап, өз ісіне өкінетінін айтқан. Оның айтуынша, досы үлкен жетістіктерге жетуіне зор үлес қосқан екен. Спортшы көз жұмған досының отбасына ірі сомада өтемақы да төлепті. 

Мен досымды өлтіргім келмеді. Әрине, кінәмді мойындаймын. Соттың кез келген шешімімен келісемін. Мен досымның отбасына өмір бойы көмектесемін, - деді ол.

Тувшинбаяр 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында дзюдода 100 кило салмақта күресіп, Моңғолияның алғашқы алтын медалін жеңіп алған еді. Ал 2012 жылы күміс жүлде алып, Олимпиаданың бірнеше жүлдесін иеленген тұңғыш моңғол балуаны болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама