Шымкент тұрғыны полицейді пышақтап тастады (ВИДЕО)

Халық үні

Енді ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

фото: Halyq Uni

Бүгін Шымкентте потрульдік полиция қызметкерін пышақтап кетті, деп хабарлайды Halyq Uni otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында патрульдік полиция полкі инспекторының арқасынан ер адам пышақпен ұрған, - деп мәлімдеген Шымкент қалалық полиция департаменті.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК-нің 380-бабымен («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.