Алматыда есірткі жарнамалаған жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Қымбат Елтайқызы

Ол үй қабырғаларына сурет салу арқылы жарнамалаған

фото: polisia.kz

Тәртіп сақшылары есірткі сатуды жарнамалайтын граффити суретті салғаны үшін 21 жастағы жігітті құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Баум тоғайының аумағында тұрғын үйлер мен нысандардың қабырғаларына жазу жазумен айналысқан жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл жазу тыйым салынған заттарды сататын алаңдардың бірінің мекенжайы екені белгілі болды. Тұрғылықты жерін тінту кезінде граффити салуға арналған трафареттердің, бояулардың және басқа да құралдардың бірнеше түрі табылды. Құрықталған азаматтың әрекетінде ҚР ҚК-нің 299-1-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері бар. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Polisia.kz мәліметінше, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды не прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау 3 жылға бас бостандығынан айырумен жазаланады.