×

Қарағандыдағы рестобардың алдында бір топ адам төбелесті (ВИДЕО)

Осы барда 19 жастағы студент қаза тапқан

 Халық үні 31.08.2024 | 22:26
фото: видеодан скриншот

Желіде Қарағандыда түнгі рестобардың алдында бір топ жігіттердің төбелескені түсірілген видео тарады. Оқиғаны Комиссарова көшесінің тұрғындары түсіріп алған, деп хабарлайды Halyq Uni Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 31 тамызға қараған түні болған. Желіде тараған видеодан екі топқа бөлінген ер адамдардың төбелесіп жатқанын байқауға болады. Ол маңда тәртіп бұзушыларды тыныштандыруға тырысқан полиция қызметкерлері де жүр.

Осы барға келушілер арасында төбелес жиі болады. Ұйқы мен тыныштықты әлдеқашан жоғалтып алғанбыз. Үнемі ішіп алған адамдар біздің аулаға келіп айқайлап, балағат сөздер айтады. Клиенттер жанжалдаса бастағанда рестобар иесі оларды сыртқа шығарып жібереді. Біз мекемені жабуды талап етеміз, – деді куәгерлер.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға қатысушылардың барлығы полиция бөліміне жеткізілген.

TEDD рестобарында болған бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында 31 тамызға қараған түні осы мекемеде екі келуші арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Қазір сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша кінәлілердің әрекетіне құқықтық баға беріледі, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, былтыр дәл осы барда 19 жастағы студент қаза тапқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама