Павлодар университетінің оқытушылары жұмыстан жаппай шығарылды ма – ЖОО түсінік берді
Педагогика саласындағы білім ордасында дау шықты
Павлодардағы Әлкей Марғұлан атындағы жоғары оқу орны оқытушылар мәселесіне қатысты түсіндірме видео жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің проректоры Бауыржан Есенгелдин ЖОО бірде-бір ұстазды жұмыстан шығарған жоқ деп мәлімдеді.
«Оқу орны оқытушылардың дәрежелері мен ғылыми атақтарын сәйкестендіру үшін кадр саясатын жүргізіп отыр. Өкінішке қарай, бірқатар профессорлық-оқутышылық құрамның магистрлік және докторлық диссертацияларға жетекшілік етуде квалификациялық талаптарға сәйкес келмейтінін айту қажет. Сол себепті магистранттар мен докторанттарға сырттан ғылыми жетекшілер алуға мәжбүр болдық. Байқау дәстүрлі түрде жыл сайын тамыз айында бірінші курс контингетін қабылдау қорытындысы бойынша және оқытушылар құрамы мен еңбек шартының мерзімі өткен лауазымдарға ғана өткізіледі.
Соңғы бес жылдағы жетістіктеріне әсіресе жариялау қызметіне сәйкес, қызметке түсуден бас тартқандар конкурсқа қатыса алмады. 23 тамызда құжаттарды қабылдау мерзімі 4 қыркүйекке дейін, ереже бойынша 5-ші қыркүйекте өтетін қосымша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарлаған болатынбыз. Университетте жұмыс істегісі келетіндер 5-ші қыркүйекте конкурстан өтіп, жұмысқа қабылданады. Бүгінгі таңда бірқатар ұстаз біліктілік сипаттамалары бойынша байқауға қайта өтініш білдіріп үлгерді. Құжаттарды қабылдау жалғасып жатыр. Нәтижесі қосымша жарияланады», – деді проректор.