Көктөбе сан түрлі түске боялды
Мультимедиялық шоу көрсетілді
Алматыда «Көктөбе» телемұнарасы сан түрлі түске боялды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасы мерекелік жарық берудің арқасында қаланың ерекше символына айналды. Биіктігі 370 метрден асатын бұл сәулет өнерінің кереметіне енді 185 прожектор арқылы түрлі бұрыштан жарық түсіріледі.
Мұнара ғимараттың 10 деңгейін бірдей жарықтандыратын LED-модульдері бар жарық жолағынан тұратын айрықша медиа қасбетпен жабдықталған. Соның арқасында мультимедиялық шоу ерекше әсерлі көрінеді, – деп қосты ведомство.
Енді «Көктөбе» жай ғана телемұнара емес, қаланың нағыз танымал туристік орны.