×

Алматы облысында тауда жарақаттанған бойжеткен эвакуацияланды

Ол өздігінен таудан түсе алмаған

 Қымбат Елтайқызы 31.08.2024 | 12:50
фото: ТЖМ

Құтқарушылар тауда жарақат алған бойжеткенді эвакуациялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы облысының Қарасай ауданында 1999 жылы туған бойжеткен аяғынан жарақат алып, өздігінен таудан түсе алмай Республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің көмегіне жүгінді, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқарушылар жәбірленушіге жаяу жетіп, медициналық көмек көрсетіп, оны 4,5 км алдымен қолдарында ұстап, кейін зембілмен автожолға дейін жеткізді, – деп толықтырды ведомство.

Осылайша, құтқарушылар туристі таудың етегіне түсіргеннен кейін ауруханаға одан әрі тасымалдау үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына табыстады.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама