Жүргізушілер жүретін жолдарын алдын ала жоспарлағаны жөн
Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесінің учаскесі ішінара жабылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, дейді жергілікті әкімдік.
Осыған байланысты 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан және Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылады, – деп қосты ведомство.
Сонымен қатар, 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады. Бұл ретте, автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары және қонақтары жолдардағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек.