×

Елордада Керей-Жәнібек хандар көшесі жабылады

Жүргізушілер жүретін жолдарын алдын ала жоспарлағаны жөн

 Қымбат Елтайқызы 31.08.2024 | 11:55
фото: Halyq Uni

Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесінің учаскесі ішінара жабылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, дейді жергілікті әкімдік.

Осыған байланысты 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан және Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылады, – деп қосты ведомство.

Сонымен қатар, 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады. Бұл ретте, автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары және қонақтары жолдардағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама