Балықтың қырылуы: Атырауда 1,3 млн астам шабақ құтқарылды
Балықты құтқару жұмыстары әлі жалғасып келеді
Атырау облысында 1,3 миллионнан астам балық шабағы құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
2024 жылғы 27-28 тамыз күндері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Индер ауданындағы бөлініп қалған сулардан 1 млн 280 мың дана балық шабағын құтқарды, – деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
«Маломокрый» арнасынан 37 мың дана балық шабағы құтқарылып Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілді.