×

Жаңа оқу жылында күрделі жөндеуден өткен 180-ге жуық мектеп ашылады

Биыл 4 миллионға жуық оқушы мектепке барады

 Қымбат Елтайқызы 31.08.2024 | 09:59
фото: Halyq Uni

Үкімет елімізде жаңа оқу жылы қалай басталатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 3,9 миллионнан астам оқушы мектепке барады, оның 352 мыңы – бірінші сынып оқушылары.

Күрделі жөндеуден өткен 178 мектеп 1 қыркүйекте ашылмақ. Жаңғырту жұмыстары жүргізілген 1 мыңға жуық ауылдық орта білім беру мекемесі де өз жұмысын бастайды. Өңірлерде оқытылатын пәніне сәйкес бейінді құрал-жабдықтармен 1 мың кабинетті жарақтандыру жоспарланғанымен 1,5 мыңнан астам пәндік кабинет жаңартылды, – деді үкіметтің баспасөз қызметі.

Оқушыларды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Алдағы оқу жылында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 мың балаға артық. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам оқушы оқу құралдарын сатып алуға көмек алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама