«Олардың қалауы – Алматының жақсы ауданынан үй алу»: журналист Нұрғали Нүсіпжановқа шүйлікті

Халық үні

Анығын біліп алмай, асығыс пост салғаным үшін өздеріңізден кешірім сұраймын, дейді ол

Фото: egemen

Желіде Қазақстанның халық әншісі Нұрғали Нүсіпжановтың үйсіз жүргені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты біраз азамат желіде жазба жариялап, әншіні қолдаған. Ал журналист Ася Асеткина желіде әншіні қолдап жазған постын өшіргенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Журналист әнші Нұрғали Нүсіпжановтың кемшілігін айтып өтті.

Достар, мен Нұрғали Нүсіпжанов туралы постымды өшірдім. Себебі, ағаның жағдайын жақсы білетін кісілердің айтуы бойынша, Нұрғали ағаға осыған дейін бір емес, бірнеше рет (әкімдіктен де, меценаттар да) үй сыйлаған екен. Бірақ олардың, жас жұбайы Жадыра екеуі ол алған үйлерін қанағат тұтпай, қалаулары – Алматының жақсы ауданынан, үлкен үй алу екен. Анығын біліп алмай, асығыс пост салғаным үшін өздеріңізден кешірім сұраймын, – деп жазды ол Facebook парақшасында.