×

Ақтөбеде балаларға рұқсатсыз білім берген қайырымдылық мекемесі жабылды

Мекеме кітапханасында діни әдебиет сақталған

 Динара Амантай 30.08.2024 | 16:00
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысының МАЭС сотында қайырымдылық мекемесіне қатысты азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта анықталғандай, Жарғыға сәйкес мекеме дарынды студенттер мен оқушыларға білім беру мен тәрбие алуда қолдау көрсету қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мекемеге ҚР нормативтік-құқықтық актілерін сақтау бойынша тексеру жүргізді. Тексеру барысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кодекстері талаптарының, білім беру, тамақтану объектілеріне, дезинфекциялауға және басқаларға қойылатын талаптардың санитарлық ережелерінің бұзылуы анықталды.

Сондай-ақ, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті тексеру жүргізіп, мекемеде білікті педагогикалық құрам жоқ, тәрбие жұмысын жүргізу жоспары мен өткізілген іс-шараларды растайтын құжаттар, көрнекі-ақпараттық ресімдеуі жоқ екендігі анықталды. Кітапханада ғылыми-танымдық, оқу және әдістемелік әдебиет жоқ, бірақ оның орнына діни әдебиет рұқсатсыз сақталған. Штатта медициналық қызметкер және медициналық кабинетке лицензия жоқ. 2024 жылы мекеме өртке қарсы нормаларды, санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін үш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – делінген іс құжаттарында.

Сонымен қатар, мекеме өз қызметін тиісті лицензиясыз іске асырып келген.

Сот шешімімен прокуратураның мекемені тарату туралы талабы қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама