×

Ақтауда жұмысқа тұрғызуды талап еткендер өзінің қарны мен білегін ұстарамен тіліп тастады

Олар бұған дейін 250 мың теңгелік жалақысы бар жұмыстан бас тартқан

 Динара Амантай 10.06.2022 | 09:44
Фото: ozen.kz

Оқиға 9 маусымда «Өзенмұнайгаз» АҚ ғимаратының алдында компанияға жұмысқа орналастыруды талап етіп, бір топ адам жиналған жерде болған. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

9 маусымда сағат 15:00-де бір топ адам жұмысқа тұру талабымен «Өзенмұнайгаз» АҚ ғимаратының алдына жиналды. Теріс жауап естігеннен кейін С.К. және С.Т. (бұрын сотталған) есімді азаматтар өздерінің іш тұсы мен білектерін ұстарамен жеңіл жарақаттаған. Екеуі де қалалық ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады Жаңаөзен әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ер адамдар аурухананың қабылдау бөлімінде тексеріліп, олардың өміріне қауіп жоқ екені анықталды. Олардың біреуі ауруханаға жатудан бас тартып кетіп қалды.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл азаматтар бұған дейін оқудан өтіп, 1 маусымда жеке кәсіпорынға 250 мың теңге жалақымен жұмысқа орналастырылған. Оларға мұнай-газ саласында жұмысқа қабылдау бекітілген алгоритммен, яғни жалпы кезек тәртібімен жүріп жатқаны бірнеше рет түсіндірілді. Кезектен тыс жұмысқа орналастыруға жол берілмейтіні ескертілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама