«Келінжандағы» бақсының да күйеуі өзінен 6 жас кіші
Дұғаға қосу керек, дұғаның күші мықты, - дейді ол
«Келінжан» телехикаясында көріпкел рөлін сомдаған Айнұр Асқарқызы Анна Данченкоға берген сұқбатында күйеуінің өзінен 6 жас кіші екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оның айтуынша, «махаббат жасқа қарамайды».
Жігітім менен 6 жас кіші. Ол мүлде әсер етпейді. Махаббат ештеңеге қарамайды. Адам өз адамын тапса, өзіне жайлы әрі жағымды адам болса, бақытты болады. Қыздар, сіздерге бір құпия айтайын, Алла тағаладан өздеріңізге жайлы әрі жағымды жұптарыңызды сұрап жүріңіздер! Ол береді. Егер сұрамадың ба, демек оған жалғыздық ұнайды. Дұғаға қосу керек. Дұғаның күші мықты. Ал екіншіден, дұғаның орындалатынына, Аллаға сену керек, - деді Айнұр Асқарқызы.