Halyq Uni логотип
×

Мекеме директоры психикалық ауытқуы бар адамдарды құлдыққа жіберген

Олардың есепшоттарынан жәрдемақыларын да жымқырып отырған

 Халық үні 29.08.2024 | 22:30
Мекеме директоры психикалық ауытқуы бар адамдарды құлдыққа жіберген
фото: Halyq Uni

Абай облысында жүйке-жүйесінде ауытқуы бар адамдарды құрылысқа жеккен директорға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Halyq Uni облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

№1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директорының қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан 4 адамды шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына жегу фактісі анықталды, - деп мәлемдеді ведомство.

Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары («Адам саудасы») бойынша тергеген. Қазір іс сотқа жолданды.

Сонымен қатар мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына қамқорлықтағыларды пайдаланып, үй-жайды тазалауға, тамақ дайындауға мәжбүрлеп, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған, - дейді облыс прокурорлары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама