Балабақшадағы 100 мыңға жуық баланы тегін тамақтандыруды мемлекет өз мойнына алды
Жаңа оқу жылында 445 мың студенттің стипендиясы 50 пайызға дейін өседі. Бұл туралы үкімет хабарлады.
Мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға (52,8%) бағытталған. Жыл сайын ең төменгі және базалық зейнетақы, сондай-ақ жалақы мөлшері өсіп келеді. Колледж студенттеріне берілетін стипендия мөлшері 50%-ға, бакалавриатқа 20%-ға, магистратура мен докторантураға 15%-ға артты. 1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы 15-50% аралығында өседі, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ 1 млн 700 мың мектеп оқушысын, балабақшадағы 100 мыңға жуық баланы тегін тамақтандыруды мемлекет толықтай өз мойнына алды.