Онда түрлі пайдалы мағлұмат жарияланады
Шетелдегі қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғауға арналған migration.enbek.kz порталы іске қосылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафиннің мәліметінше, порталда көші-қонға қатысты ережелер, процедуралар мен қызметтер туралы ақпарат ұсынылады. Бұл азаматтарға заңды түрде қоныс аударуға, басқа елдерде жұмыс істеуге көмектеседі әрі көші-қон процестерін бақылауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және ыңғайлы қолжетімділігі үшін мобильді қосымша әзірленеді, – деді спикер ОКҚ брифингінде.
Бұдан басқа, қандастар мен қоныс аударушылар отбасыларына цифрлық сүйемелдеу жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде 25 автоматтандырылған қызмет қолжетімді.