Halyq Uni логотип
×

Ақтауда төтенше жағдай кезінде 60 адам эвакуацияланды

Оқиға бүгін таңертең болған

 Қымбат Елтайқызы 29.08.2024 | 12:15
Ақтауда төтенше жағдай кезінде 60 адам эвакуацияланды
фото: Halyq Uni

ТЖМ өрт сөндірушілері 16 минут ішінде ірі өртті сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін таңертең Ақтау қаласында 10 қабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы жанды.

Құтқарушылар жалынның пәтерлерге таралуына жол бермей, 60 адамды алдын ала эвакуациялады. ТЖД күші баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 8 баланы қауіпсіз жерге шығарды, – деп қосты ведомство.

2100 шаршы метр алаңдағы от толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Өрт болған кезде 112 нөміріне хабарласыңыздар, деп ескертті мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама