Өрттің себебі анықталып жатыр
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлады Halyq Uni.
Қаладағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртенген.
Өрт сөндірушілер түтін басқан аумақтан 15 тұрғынды, оның ішінде 5 баланы қауіпсіз жерге көшірді, – деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.
Өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.