«Берекесін өзі қашырады»: Сара Тоқтамысова қазіргі қоғамдағы әйелдерге шүйлікті

Халық үні

Ақылды жолдас болса, ешбір әйел ажыраспайды, дейді ол

фото: әлеуметтік желіден

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова қазіргі уақытта әйелдердің көп менмендіккке салынып кеткенін айтты. Оның сөзінше, көбіне ажырасуға «ақылгөйлердің» себеп болады, деп жазады HalyqUni nur.kz-ке сілтеме жасап.

Сара Тоқтамысова ойын Instagram желісіндегі парақшасында видео арқылы жеткізді.

Қазіргі қоғамда, әсіресе, біз, әйелдер көп менмендікке салынып кетеміз. Қай білгіштің ойлап тапқанын білмеймін, мынадай сөз бар: менің тапқаным менікі, күйеуімнің тапқаны біздікі деп ұрандатып отыратындар бар. Қараңызшы, сіздің күйеуіңіздің жұмысы аяқасты жүрмей қалды, аяқасты тоқтап қалды. Ескере кетейік, жатыпішер, жалқау, әйелінің мойнына өмір бойы масыл болып отыратын еркектер туралы айтып отырған жоқпын. Қоғамда бар дүниені айтып отырмын.

Тура сол күйеуің бір кризистік жағдайға кіріп кетті дейік. Тура осы кезде «ой, менің күйеуім түк таппайды, менің қалауларымды орындамайды, ананы қарашы, мынаны қарашы деп өзін кім көрінгенмен салыстыра берсең, әйел адам өз берекесін өзі қашырады екен. Осы кезде небір ақылгөйлер көбейеді. «Саған оның не керегі бар, өзің жақсы қаражат табасың, сұлусың» деп болмайтын ақылын тықпалайтындар табылады. «Әйелге ақыл керек» деген осыдан шыққан. Ақылды жолдас болса, ешбір әйел ажыраспайды», - дейді ол.