Елуден астам мерекелік шара ұйымдастырылмақ
Елімізде 30 тамызда Конституция күні аталып өтеді. Осыған байланысты Астанада 50-ден астам мәдени, спорттық, әлеуметтік іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni жергілікті әкімдікке сілтеме жасап.
28-29 тамызда сағат 10.00 ден 18.00-ге дейін Байқоңыр ауданы Жазушылар аллеясында «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.
29 тамызда «Астана қаласы мемлекеттік архиві» ММ-нің әлеуметтік желілерінде «Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты виртуалды көрме өтеді.
Сонымен қатар, осы күні сағат 19:00-де Есіл жағалауында «Жасай бер, қазақ елі» концерті ұйымдастырылады.
29 тамыз күні сағат 10.00-ден бастап Ұлттық музейде салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шара барысында шақырылған ресми тұлғалардың құттықтау сөздері, мәдени бағдарлама, Конституция тарихына арналған Ұлттық музей залдарына экскурсия жүргізілу жоспарланған.
29 тамыз күні сағат 10.00-де Ж.Досмухамедұлы, 2 мекенжайындағы №55 орта мектебінде Байқоңыр ауданының тұрғындары арасында шағын футболдан жарыс өтеді.
29 тамызда сағат 17:00-де Жастар сарайында «Жасыл ел» жобасының жабылу салтанаты өтеді. Жиын барысында концерт ұйымдастырылып, үздік сарбаздар марапатталады.
29 тамыз күні сағат 10.00-де «Нұра» ауданының ардагерлер кеңесінің мүшелері Кәсіби-техникалық колледж оқушыларымен Конституция тақырыбында дәріс өткізіп, талқылау ұйымдастырады.
29 тамызда сағат 10.00-де білім мекемелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.
30 тамыз күні сағат 9.00-де Көшпенділер ойындары аясында «Аспан» спорт кешенінде жастар мен ересектер (ерлер, әйелдер) арасында асық атудан қалалық ашық кубок ұйымдастырылады.
30 тамызда сағат 8.00-де «Ботаникалық саябақта» бұқаралық жүгіру өтеді.
30 тамыз күні «Нұра» ауданының мектеп оқушыларына «Атамекен» этно-мемориалды кешеніне экскурсия жүргізіледі.
30 тамызда сағат 11:00-ден бастап 20:00-ге дейін Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Жас Әлем» балалар фестивалі ұйымдастырылады.
30-31 тамыз күндері сағат 9.00-де «Дәулет» МКҚК-де әуесқойлар арасындағы теннис турнирі өтеді.
31 тамызда Сарыарқа ауданы аумағында аудан тұрғындары арасында Saryarqa run марафоны ұйымдастырылады.
31 тамыз күні сағат 19:00-де Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Alem заманауи этно-шоу балетінің Nomads fire концерті өтеді.