Мектептерде инклюзия кабинеттерінің саны мыңнан асты

Қымбат Елтайқызы

Бұнда арнайы мамандар қызмет етеді

фото: Halyq Uni

Еліміздің мектептерінде 1051 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мен сапасын арттыру мақсатында Қазақстан мектептерінде 1051 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.

Аталған кабинеттерде психологтар, арнайы және әлеуметтік педагогтер, сондай-ақ педагог-ассистенттер ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолайлы жағдай жасап, оларды мектеп ортасына бейімдеуге көмектеседі, – деп қосты ведомство.

Бүгінгі таңда еліміздің өңірлерінде 218 ППТК мен 105 ПМПК ашылған.