Halyq Uni логотип
×

Абай облысында үш адамның өліміне әкелген жол апатын тергеу басталды

 Қымбат Елтайқызы 28.08.2024 | 14:49
Абай облысында үш адамның өліміне әкелген жол апатын тергеу басталды
фото: polisia.kz

Абай облысының тәртіп сақшылары үш адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, 2024 жылғы 25 тамызда сағат 03:30 шамасында, Семей – Өскемен тас жолында Toyota Land Cruiser және Nissan Elgrand автокөліктері соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан 1 жүргізуші мен 2 жолаушы қаза тапты, зардап шеккен 3 адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды.

Аталған факт бойынша абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы немесе көліктерді пайдалану қағидаларын бұзуына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп қосты ІІМ.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама