Halyq Uni логотип
×

Алматыда балалар ЖРВИ жұқтырып жатыр

15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцина салынады

 Дәурен Ерболат 28.08.2024 | 13:30
Алматыда балалар ЖРВИ жұқтырып жатыр
Фото: Halyq Uni

Алматыда балалар жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жұқтырып жатыр. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде қалада ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Өткен аптада 9 890 ЖРВИ дерегі тіркелді... Бүгінде сырқаттанушылардың 60%-ы балалар, 6 мыңнан аса дерек. Биыл 7 айда ЖРВИ-мен аурудың 447 мың дерегі тіркелді. Өткен эпидемиологиялық маусымда тұмаумен аурудың 232 дерегі анықталды. Қаладағы емханалар, стационаларға келген науқастарды тексеру барысында олардың тұмау жұқтырғаны зертханалық деңгейде расталды, - деді Әсел Қалықова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ ол дәрігерлер медициналық ұйымдарда маска тағып жүру керегін еске салды.

Бүгінде Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 Қаулысына сәйкес эпидемиологиялық маусым алдында профилактикалық іс-шараларды жүргізу басталды. Оған сәйкес, 16 тамыздан бастап барлық медициналық ұйымда маскалық режим енгізіледі. Бұл талап тек медициналық ұйымдарға қатысты, - деді орынбасары.

Сондай-ақ биыл 15 қыркүйектен бастап медицина қызметкерлер, емханада диспансерлік есепте тұрған созылмалы ауруы бар адамдар, балалар мен әлеуметтік қызметті алушылар, зейнеткерлер, жүкті әйелдерге тұмауға қарсы вакцина салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама