28 жастағы азамат полицияға жеткізілді
Итті көлікке байлап сүйреген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, ер адамның итті көлікке байлап, сүйреп бара жатқанын көрген. Жедел-іздестіру шаралары кезінде Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері 28 жастағы ер адамды анықтап, полицияға жеткізді.
Ұсталғанға қатысты жануарларға қатыгездік жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.