600-ге жуық әкімшілік іс қозғалды
Маңғыстау облысы прокуратурасы өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тексеріп, бірқатар талаптың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Атап айтқанда: санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында заңбұзушылықтар анықталды.
Қазір аяқталған тексерулер бойынша 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, жалпы көлемі 100 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Сондай-ақ, тексеру нәтижесімен 15 балабақшадан (3 мемлекеттік, 12 жеке меншік бала бақша) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Нақты айтқанда, 12 жеке меншік балабақша келмеген балалар үшін мемлекеттен 47 млн теңге көлемінде қаражат алған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
3 мемлекеттік балабақшаның есепшілері 25 млн теңге жымқырған. Оларға қатысты ҚК-тің 189-бабымен («Жымқыру») 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.