Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында жер заңнамасын бұзған компания жазаланды

Ол заңсыз іс-әрекеті үшін тиісті жазасын алды

 Қымбат Елтайқызы 28.08.2024 | 09:53
Атырау облысында жер заңнамасын бұзған компания жазаланды
фото: Halyq Uni

Атырау облысында ЖШС топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алғаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті компанияға қатысты жер заңнамасы нормаларының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Нәтижесінде ЖШС іс-әрекеттерінде Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында құнарлы топырақ қабатын заңсыз алып тастау түріндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 337-бабы 1-тармағының бұзылғаны анықталды. Компанияға 3,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және құқық бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті нұсқама берілді, – деп қосты ведомство.

Бұдан басқа, департамент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 136-бабына сәйкес, екі ЖШС-ке қатысты мемлекеттік жерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша әкімшілік істер қозғады және жалпы сомасы 369 000 теңгеден астам айыппұл салды. Олар толық көлемде өндірілді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама