Оқиға көрші үйдегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған
Ақтөбе облысының Хромтау ауданына қарасты Дөң ауылында 10 жастағы қыз көлікте тірілей өртеніп кетті, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Мой город» порталының жазуынша, аулада ВАЗ көлігі өздігінен өртенген. Қайғылы оқиға көрші үйдегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
«Көліктің салонында 10 жастағы қыз болған. Ол қаза тапты. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған. Өрттің себептері анықталып жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.