Halyq Uni логотип
×

Сәкен Майғазиев 26 жасқа толған тұңғышына үйлену керектігін ескертті

Алла тағаланың сүйікті құлы, Пайғамбарымыздың үмметі бол, - деді

 Халық үні 27.08.2024 | 23:15
Сәкен Майғазиев 26 жасқа толған тұңғышына үйлену керектігін ескертті
фото: instagram.com/saken_maigaziyev

Әнші Сәкен Майғазиев Instagram-дағы парақшасында ұлын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл ретте ол тұңғышына ақ тілегін арнап, ертерек үйлену керектігін ескертті.

Алла – ұлық! Бүгін әжесінің ақылдысы, тұла бойы тұңғышымыз Әділет Сәкенұлы 26 жасқа толды! Алла тағаланың мейіріміне бөленген сүйікті құлы, Пайғамбарымыздың лайық үмметі, қазақ халқына пайдасы тиетін адал перзенті, әулетіміздің зүриятын өрбітер салиқалы ұрпағы бол, құлыным! Ол үшін не керек, ертерек үйлену керек, – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама