Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысындағы атауы да жоқ ауылдың мәселесінен шенеуніктер бейхабар

Ауылдың статусы жоқ болғандықтан биыл да жергілікті бюджеттен түк ақша бөлінбеген

 Халық үні 27.08.2024 | 22:30
Жамбыл облысындағы атауы да жоқ ауылдың мәселесінен шенеуніктер бейхабар
фото: astanatv.kz

Жамбылда есепке алынбаған елді мекен бар. 500-ден аса тұрғыны бар ол ауылдың атауы да жоқ. Әлеуметтік нысаннан жұрдай. Санда бар, санатта жоқ тұрғындар шаруасын шешу үшін жан-жаққа сенделіп жүреді, деп хабарлайды Halyq Uni «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

Сондай-ақ ол ауыл жол, балабақша, мектеп, медициналық пункт, ауыз су, жарық бәрінен мақұрым. Өз күндерін өздері көріп, жыртығын өздері жамап жүрген жұрт жергілікті билікке өкпелі. Өйткені олар көмек сұрап, аудан әкімдігіне талай барған, бірақ одан еш нәтиже жоқ. Ауылдың статусы жоқ болғандықтан биыл да жергілікті бюджеттен түк ақша бөлінбепті. Жаңа оқу жылында 100-ден аса оқушы тағы да сандалып, жан-жаққа барып оқуға мәжбүр.

Проблемамен қазір ғана кезігіп тұрмын. Мен анықтайын, түгел зерделейін. Уақыт созбаймыз. Ешкім далаға тастап жатқан жоқ. Негізі өзім Байзақ ауданында жұмыс істегенмін ғой. Ол жерлерді жақсы білемін. Ал мында проблема болып тұрғанын қазір біліп отырмын, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Салимов.

Сонымен, қазір жергілікті шенеуніктер ауылдағы мәселелерді зерттеп-зерделеуге уәде беріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама