Halyq Uni логотип
×

Ауыл тұрғыны үшемнің есімін Қасым, Жомарт, Кемел деп қойды

33 жастағы келіншек осымен 10 баланың анасы болып отыр

 Халық үні 27.08.2024 | 21:10
Ауыл тұрғыны үшемнің есімін Қасым, Жомарт, Кемел деп қойды
фото: nur.kz

Түркістан облысы Келес ауданының 33 жастағы тұрғыны Гүлназ Мыңжасар үшем босанып, 10 баланың анасы атанды. Бір қызығы, бұған дейін ол екі рет егіз босанған екен, деп хабарлайды Halyq Uni KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Абай ауылының тұрғыны бұған дейін 7 қызды дүниеге әкелген. Олардың үлкені – 14 жаста. Бұл жолы үшем босанған ананың перзенттерінің екеуі – ұл, біреуі – қыз.

Гүлназ Мыңжасар – Түркістан облысының Келес ауданына қарасты Абай ауылының тұрғыны. 33 жастағы келіншек жетінші рет құрсақ көтеріп, үшем босанды. Көптен күткен ұлдары мен қызының есімін өзім қойдым дейді ол. Айтуынша, түсінде әкесі аян беріп, «Қасым, Жомарт, Кемел» деген жазуы бар қамшы ұстатқан екен.

Түсімде әкем өзі аян берген. Қамшы беріп кірген. Қамшыны оңғарған кезімде, астында Қасым, Жомарт, Кемел деген жазу болды. Бір емес, екі рет түсіме кірді. Босанғанша айтпай жүрдім, үшем екенін, - дейді көпбалалы ана.

Күйеуі құрылыста жұмыс істесе, өзі үй шаруасында. Өз баспаналары жоқ отбасы пәтер жалдап тұрады екен. Оларға денсаулық сақтау басқармасы балалар арбасын сыйлап, шығарып салды.

Үшінші үшем орталықта туған. Қан қысымы көтеріліп кеткен соң Келес ауданы Абай ауылынан бізге жеткізілді. Жағдайына қарап, ота жасадық. Үшеуінің де салмағы екі келіге жетпейді. Бізде 22 күн жатты, - дейді №1 облыстық перенеталды орталықтың бас дәрігері міндетін атқарушы Салтанат Жабағиева.

Айта кетсек, Түркістан облысында соңғы жылдары үшемнің тууы жиілеген. Бұл – өңірде жыл басынан бері дүниеге келген сегізінші үшем. Өкініштісі, сол күнгейде ана мен бала өлімі де жоқ емес. Жыл басынан бері 2 ана босану барысында көз жұмса, 100 сәбидің жетеуі жан тапсырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама