Halyq Uni логотип
×

Алматыда қылмыс азайды ма – полиция департаменті жауап берді

Қалада қылмыстық ахуал қандай?

 Қымбат Елтайқызы 27.08.2024 | 18:04
Алматыда қылмыс азайды ма – полиция департаменті жауап берді
фото: Halyq Uni

Биыл Алматыда қылмыс 11,6%-ға азайды. Қалалық полиция департаменті Halyq Uni тілшісінің ресми сауалына осылай деп жауап берді.

Департамент мәліметінше, Алматыда биылғы жылдың 7 айында қылмыс 11,6%-ға төмендеді.

Келесі қылмыс түрлерінің саны азайды:

  • ауыр қылмыстар 8,7%-ға;
  • орташа ауырлық дәрежесі 19,8%-ға;
  • шамалы ауырлық дәрежесі 13,5%-ға;
  • зорлау 8,8%-ға;
  • ұрлық 29%-ға;
  • ұялы телефон ұрлығы 37,1%-ға;
  • қалта ұрлығы 33,8%-ға;
  • пәтер ұрлығы 25,2%-ға;
  • көлік салонынан ұрлық 2,2 есе;
  • интернет-алаяқтық 10,3%-ға;
  • тонау 23,7%-ға;
  • қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар 1,9%-ға;
  • көшеде жасалған тәртіп бұзушылықтар 6,8%-ға төмендеді.

Аталған статистикаға сәйкес, қалада ұрлық азайған. Бұған дейін Алматының тәртіп сақшылары қалта ұрыларының қалай әрекет ететінін арнайы видео арқылы көрсеткен болатын.

Сақшылар тұрғындарды қалта ұрыларынан сақ болуға шақырған еді.

«Қалта ұрылары көбінесе қылмысын қоғамдық көлікте жасайды. Біз бұл бейнероликте ұрылардың ұялы телефондарды, әмияндарды қалай қолды қылатынын көрсетіп, оларды қайда салу керегі туралы кеңес бердік. Видео бәріне арналады. Оны әсіресе оқушылар мен студенттер көруге тиіс», - деді қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Қуатбек Науатов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама