Биыл 350 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады
Олардың 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде білім алады
350 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді.
Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген, – деп толықтырды ведомство.
2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала.
Жалпы, жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтіліп отыр.