Елімізде алғаш рет жол құрылысы саласында PhD докторлар даярланады

Қымбат Елтайқызы

Бұл салада білімді мамандар тапшы екен

фото: Көлік министрлігі

«Көлік құрылысы» бағыты бойынша PhD дәрежесін алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындауға арналған конкурс қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жол саласының болашақ ғалымдары алғаш рет мемлекеттік білім беру гранттары есебінен даярланады. Байқау қорытындысы бойынша 10 адам осы бағыт бойынша докторантураға түсті.

Бұрын жүргізілген талдауға сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанның жол саласына 1,5 мыңға жуық диплом алған маман жетіспейді. 2023 жылы Көлік құрылысында алғашқы екі PhD пайда болды, – деп толықтырды ведомство.

Көлік министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің әрі «ҚазжолҒЗИ» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде автожол саласындағы кадр тапшылығының жүйелі мәселелерінің бірін шешу үшін биыл «Көлік құрылысы» бағыты бойынша болашақ PhD докторларын оқытуға 10 грант бөлінді.