×

115 мыңға жуық бала мектепалды дайындықтан өтті

Бағдарлама білім беру стандартына сәйкес әзірленді

 Динара Амантай 27.08.2024 | 10:51
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда 115 мыңға жуық бала «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша мектепалды дайындықтан өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жазғы демалыс кезінде 1-сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында мектепалды дайындыққа арналған «Балақайлар мектебі» атты қысқа мерзімді бағдарлама ұйымдастырылған.

Бағдарлама мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етіп, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді.

Аталған бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді.

Жазғы кезеңде мектепалды дайындықтан 115 мыңға жуық бала өтіп, 2,9 мың мектептің 5,1 мың бастауыш сынып мұғалімі мен мектепалды даярлық педагогтерінің қатысуымен оқыту ұйымдастырылды. Оқыту барысында балалардың физикалық, коммуникативтік, интеллектуалдық, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары, сондай-ақ мектепке оң көзқарасын дамытуға басымдық берілді, – деді Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Айта кетсек, мектепалды дайындық бағдарламасы 1 айға арналған. Білім беру процесін білікті бастауыш сынып мұғалімдері немесе мектепалды даярлық педагогтері іске асырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама