Ол өз ауласында зиянды затты егумен айналысқан
Жылыжайда есірткі еккен қызылордалық үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, сот өз ауласында есірткі еккен Қызылорда тұрғынына қатысты үкім шығарды.
Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шиелі ауданында үй ауласына 59 түп сора өсімдігін еккен 57 жастағы аудан тұрғынын құрықтады. Тергеу барысында күдіктінің жасаған іс-әрекеттері толығымен дәлелденді, – деп қосты ІІМ.
Қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес, айыптау актісімен сотқа жолданды. Сотталушы сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.