Кіші Алматы шатқалында жасөспірім құтқарылды
Ол тауда құлап, жарақаттанып қалған
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында туристік маршруттан өту кезінде 2010 жылы туған жасөспірім құлап, салдарынан басы, қолы, аяғы жарақаттанып, өздігінен түсе алмаған.
Құтқарушылар түнгі уақытқа қарамастан зардап шеккен жасөспірімді 15 және 16 жастағы үш досымен бірге тез тауып алды. Оған алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, таудан түсіріп, зардап шегушіні медицина қызметкерлеріне, ал қалған балаларды туыстарына аман-есен тапсырды, – делінген хабарламада.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.