«Аяғына жығылып, кешірім сұрадым»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

Халық үні

Әнші артық айтқан сөздері үшін кешірім сұрағанын айтты

Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева марқұм әкесін есіне алып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі асқар тауы әкесімен қарым-қатынасы туралы сыр шертіп, оның қандай арманын орындағанын айтты.

Айгүл Иманбаева марқұм әкесі туралы «Мамский әңгіме» подкастында айтты. Шоу-бизнес жұлдызы әкесімен табысу өзіне қиын болғанын жасырмады. Өнер иесі тіпті оның аяғына жығылып, артық айтқан сөздері үшін кешірім сұрағанын айтты.

Менің 4 жасымда ата-анам ажырасқан. Содан біз нағашылардың қолында өстік. Негізі, әкем Орал өңірі, Казталовка деген жердің тумасы. Кейін сұрасам, руға жатпайтын Төлеңгіт деген елдің ұрпағы екен. Әрине, 40 жыл бойы әкеңді білмей өсу оңай емес. 40 жыл тегімді де білмедім. Кейін әкемді танып біліп, араласқым келді. Араласуымыз да ұзаққа бармады. Екі жылдан кейін қайтадан байланыс үзіп алдық. Ол 8 жылға ұласты. Бір күні бір бағдарламаға шақырып қалды. Сол жерде әкеме хабарластым. Өзі де Алматыға келе жатыр екен. Кездесетін болып келістік. Ертеңіне 6 сағат бойы сырласып, ішіміздегі өкпе-ренішті шығардық. Аяғына жығылып тұрып кешірім сұрап, артық айтқан сөздеріме өкіндім, - деді әнші. 

Оған қтса Иманбаева әкесінің қандай арманын орындағанын айтты.

«Алты сағат сөйлесіп, арманын айтты. Арманым – қызымды сендердің үйірлеріңе қосу” деді. екінші некесінен қызы бар еді. Сіңлімізді де бауырымызға тартып, араласып кеттім. Әкемнің сол арманын орындадым деп ойладым. Дәл сол оқиғадан кейін, бір жылдан кейін дүниеден озды. Ол кезде Лондонда едім. Жатақханада тұрамын. Әпкем хабарласып, әкеміздің қазасын естіртті. Мен бір аптадан кейін ғана жетісіне қатыстым. Жаман аурумен ауырды», - деді ол.