×

«Канелоңды» нокаутқа түсіремін – Жәнібек Әлімханұлы

Ол мықтылармен ғана бокстасқысы келетінін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2022 | 18:16
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның орта салмақтағы кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды нокаутқа түсірген уақытта ғана жеңісін тойлайтынын айтты.  Бұл туралы ол The Ring басылымына берген сұхбатында ескертті.

«Қазақстанда менің әрбір жеңісім мереке. Сол үшін мені барлығы құттықтайды. Осындай қуаныш сыйлай алғаныма ризамын. Алайда, өзім әлі жеңістерімді дұрыс тойлай аламй жүрмін. Чемпиондарды нокаутқа түсіргенде ғана жеңісті тойлаймын.

Чемпиондармен айқасқым келеді. Келесі қарсыласым әлем чемпионы немесе атақты боксшы болады деп үміттенемін. Бокс жұлдыздарының бәрін нокаутқа түсіргім келеді.

Мен WBC чемпионы Джермалл Чарлоны, WBO чемпионы Деметриус Андрадені, содан кейін «Канело» мен Дэвид Бенавидесті нокаутқа түсіремін», - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама