×

Ақтауда кәрізден шала туған нәресте өлі табылды

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2022 | 17:49
Көрнекі фото

Ақтау қаласында шала туған нәресте кәрізден табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлады.

Бүгін сағат 11.51-де 102 кезекші пультіне 32 шағын ауданда кәрізден сәби табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шала туған балаға шамамен 3-4 ай болған, - делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының полиция департаментінің хабарлауынша, қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факті ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама