Астана су қоймасында екі балықшы құтқарылды

Динара Амантай

Қатты жел оларды қарама-қарсы жағалауға шығарып тастаған

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астана су қоймасында екі балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше кешке Ақмола құтқарушыларына 2001 және 2003 жылы туған екі ер адам балық аулауға барып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түскен. Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге құтқарушылар балық аулау әуесқойларын бүгін таңертең тапқан.

Түнде қатты жел балықшыларды қарама-қарсы жағалауға шығарып тастағаннан кейін олар өздігінен орала алмады. Оған қоса балықшыларда құтқару кеудешелері мен байланыс құралдары болмаған, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарылғандар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.