Әкімдікке қарасты мекеме 19 мыңнан аса тұтынушының құқығын шектеген
Аудан прокуратурасы ұсыным енгізді
Жамбыл облысында коммуналдық кәсіпорын 19 мыңнан аса тұтынушының құқығын шектеген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Талас ауданы әкімдігінің «Игілік» көпсалалы коммуналдық кәсіпорны ШЖҚ КМК-да аудан тұрғындарын коммуналдық қызметтермен (жылу энергетикасы, кәріз ыстық/суық сумен жабдықтау жүйесі) қамту бөлігі 19 мың 393 тұтынушының құқығын шектегені анықталды.
Атап айтқанда тұтынушылармен шарттар жасасу кезінде типтік міндеттемелерді мәтіннен алып тастағандықтан, тұрғындардың құқығы бұзылды.
Шарттың екінші бөлігінде кәсіпорынның тәулік бойы жұмыс режимі үлгілік құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ, тұтынушылардың сапа, денсаулық және мүлік қауіпсіздігін реттейтін құқық нормалары белгіленбеген. Тиісінше тұтынушылар жеткізушінің заңсыз әрекеттеріне шағымдану құқығы шектелген, – делінген прокуратура хабарламасында.
Аудан прокуратурасы анықталған заңбұзушылық фактілері бойынша аудан әкімдігіне ұсыным енгізіп, шарт талаптары сәйкестендірілді.