Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған, - делінген хабарламада
Qarmet АҚ әкімшілігі өз жұмысшыларының қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, мәлімдеме жасады.
Бірқатар БАҚ-та Qarmet АҚ жұмысшыларының бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде өлімге апарып соққан жарақат алғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Ал компания қайғылы оқиғаға «Қазмеханомонтаж» ЖШС жұмысшыларының ұшырағанын хабарлады.
Бүгін бірқатар БАҚ және Telegram арналарда бөлшектеу жұмыстарын іске асыру кезінде Qarmet АҚ жұмысшыларының жазатайым оқиғаға ұшырағаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған, - делінген хабарламада.
Qarmet басшылығы қаза тапқан «Қазмеханомонтаж» ЖШС жұмысшыларының отбасыларына көңіл айтты.