×

Қайрат Нұртастың «басы» 200 мың теңгеден сатылып жатыр

Сатушы бастың жаңа екенін және бизнес жоспармен бірге сатып алғанын баяндаған

 Халық үні 25.08.2024 | 21:56
коллаж: Halyq Uni

OLX жарнама беру сайтына қызықты жарнама шықты, деп хабарлайды Halyq Uni Democrat.kz-ке сілтеме жасап.

Ол жарнаманы TikTok желісіндегі Aisultan атты тіркелуші өзінің парақшасына салды. Оның айтуынша, әнші Қайрат Нұртастың қолдан жасалған қуыршақ басы сатылымға шыққан. Бағасы – 200 мың теңге.

Сатушы бұл бастың жаңа екенін және бизнес жоспармен бірге сатып алғанын баяндаған. Алайда ол әншінің басы қандай бизнеске керек болғанын айтпапты. Тойларға киіп шығуға қажет болса керек.

Сондай-ақ аталған жарнама сайтына Қайрат Нұртастың тағы бір басы жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама