Halyq Uni логотип
×

Қазақша еркін сөйлейтін Франция азаматы қазақтың орысша сұрағын түсінбей қалды (ВИДЕО)

11 мың шақырымды басып өткен қазақстандық туристерден ол «Ойбай, қиын болмады ма?» деп сұрады

 Халық үні 25.08.2024 | 19:52
Қазақша еркін сөйлейтін Франция азаматы қазақтың орысша сұрағын түсінбей қалды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде қазақ тілінде еркін сөйлеген француз азаматының видеосы тарады.

Франция азаматына Қостанайдан Еуропаға көлікпен барған азаматтар кездесіп қалған. 11 мың шақырымды басып өткен қазақстандық туристерден Франция азаматы «Ойбай, қиын болмады ма?» деп сұрады. «Қиын болды» деп жауап береді туристер.

Франция азаматы бұрын Қазақстанда жұмыс істегенін айтады.

16 жыл болдым. Петропавлда, Алматыда жұмыс істедім. Франциядамыз. Жақсы сапар болсын! – дейді ол.

Желі қолданушылары шетел азаматының қазақ тілін білгеніне жағымды пікірлер жазып, оған қазақтың орысша сұрақ қойғанын сынап тастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама