Тағы бір төтенше жағдай тіркелді
Құтқарушылар Шымкент қаласында өртті сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Абай ауданында дәмханалардың бірінде жалпы 80 шаршы метр алаңда жазғы кабиналар мен қосалқы үй-жайдың төбесі отқа оранды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалын сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп қосты ведомство.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.