Алматыда екі турист құтқарылды
Туристік маусымда осындай жағдайлар көбейген
Алматыда екі жас турист құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында 21-22 жас аралығындағы екі турист Панорама тау шыңына көтерілген. Олар ауа-райын алдын ала қарамағаннан, қатты дауыл астында қалып қойып, тиісті уақытқа дейін түсе алмаған.
ТЖМ құтқарушылары жоғалған ер азаматтарды «Панорама» құтқару лашығынан тауып, Алматы қаласына аман-есен түсірді, – деп толықтырды ведомство.
Жастарға медициналық көмек қажет болмады, деп түйіндеді министрлік.