Тағы бір демалыс үйі жанды
Жетісу облысының өрт сөндірушілері оттан 6 газ баллонын шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алакөл ауданы Ақши ауылы демалыс аймағы аумағындағы демалыс үйінде өрт болды.
Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында жалыннан 6 газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылып, 75 шаршы метр алаңдағы өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр, – деп қосты ведомство.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар, деп ескертті мамандар.