Halyq Uni логотип
×

Алакөлде өрт сөндірушілер ірі жарылыстың алдын алды

Тағы бір демалыс үйі жанды

 Қымбат Елтайқызы 25.08.2024 | 12:45
Алакөлде өрт сөндірушілер ірі жарылыстың алдын алды
фото: Halyq Uni

Жетісу облысының өрт сөндірушілері оттан 6 газ баллонын шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алакөл ауданы Ақши ауылы демалыс аймағы аумағындағы демалыс үйінде өрт болды.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында жалыннан 6 газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылып, 75 шаршы метр алаңдағы өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр, – деп қосты ведомство.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар, деп ескертті мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама